Ақпаратты Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының баспасөз қызметі растады.
"Филармония тек оны құрайтын топтар үшін ғана емес, сондай-ақ тұрақты түрде жалға берілетін зал. Төреғали Төреәлі де жоспарлаған концертін өткізу үшін залды жалға алған. Кейде залды жалға алған тараптың бастамасымен келісімшарт тоқтатылып жатады. Бұл жолы да солай болды», - деді баспасөз қызметі.
Айта кетейік, концерт 8 шілдеде Конгресс-холлдағы филармонияда өтуі тиіс болатын. Онда әнші Әбдіжаппар Әлқожа да өнер көрсетуі керек еді.
14 маусымда әнші жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылды. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Сонымен қатар, оған қатысты алты әкімшілік хаттама толтырылды.
Кейін әншіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол тағы бірнеше күн қамауға алынды.