Тоқаев Қытайға аттанбақ


17-18 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың Telegram-каналында хабарланды.

Сурет: Ақорда

«Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэдзимен келіссөздер жүргізеді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Бір белдеу, бір жол» жоғары деңгейдегі 3-ші форумына қатысады.

Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен бірқатар кездесулер де жоспарланған.

Бұған дейін Тоқаев бес ай бұрын Қытайға мемлекеттік сапармен барған болатын.

2023 жылдың 17 мамырында Тоқаев үш күндік сапармен Қытайға ұшады.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше