Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне Жеңіс күніне орай 5 миллион теңгеден беріледі

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанда ардагерлерге біржолғы материалдық көмек көрсету жоспарлануда.


Фото: Алматы әкімдігінің ресми Telegram арнасы
Фото: Алматы әкімдігінің ресми Telegram арнасы

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Орталық коммуникациялар қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 85 203 ардагер тұрады. Оның 120-сы Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 16983-і Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тең жәрдемақы алуға құқығы бар ардагерлер, 26506-сы басқа елдердегі соғыс қимылдарының ардагерлері, 41594-і Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбек ерлері.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше