«Тайм» журналы Украина президенті Владимир Зеленскийді және Украйна халқын, "рухын" жыл адамы деп атады.
"Украина президенті осы ғасырдың бағытын анықтайтый авторитаризмге қарсы жаһандық күресте демократиялық әлемнің флагманы болды", – деп жазылған журналда.
Аталған басылым Зеленский президенттігінің бейбіт кезде біраз сынға ұшырағанына қарамастан, соғыс кезінде ол өзін Украина халқының рухын көтере алғанын атап өткен. Сондай-ақ Батыс елдерін де Украинаға көмектесу үшін ынталандыра алған мықты көшбасшы ретінде көрсетті.
Айта кетейік, «Тайм» басылымы былтыр жыл адамы деп Илон Маскты жариялаған еді.