Бұл жағдай әлемде бірінші рет болды.
Үнді дәрігерлері медициналық тәжірибеде өте сирек кездесетін ерекше аномалияға тап болды. Олар жаңа туған қыздың құрсақ қуысынан 8 эмбрионды алды.
Қыз 10 қазанда дүниеге келген. Ата-аналар нәрестенің ішінің ұлғайғанын байқаған. Олар ауруханаға барып, тексеру жүргізгенде, баланың ішінде сегіз дамымаған эмбрион бар екенін білген.
Оларды хирургтар алып тастады, бала күрделі отадан кейін оңалту бөлімінде жатыр. Бұл жағдай медицинада «паразиттік егіздер» деп аталады. Мұндай жағдайлар медициналық тәжірибеде орын алған, алайда, егер сегіз дамымаған эмбриондар туралы айтатын болсақ, онда бұл жағдай әлемде бірінші болып табылады.