Испания футбол федерациясының президенті әлем чемпионатының финалындағы әйелдер құрамасының ел тарихындағы алғашқы жеңісін тойлап, өзін ұстай алмағаны үшін көпшілік алдында кешірім сұрауға мәжбүр.
Марапаттау рәсімі кезінде Луис Рубиалес күтпеген жерден футболшы Дженнифер Эрмосоны ернінен сүйіп алды. Осы әрекетінен кейін шенеулік бірден өшпенділік астында қалды.
Испанияның спорт министрі Рубиалестің әрекетін "қабылдауға болмайды" деп атады. Теңдік министрі "келісімсіз сүйісу жыныстық зорлық-зомбылықтың бір түрі" екенін айтты.
"Мен өкінетін бір нәрсе бар: бұл менің басқа футболшылар сияқты өте жақсы қарым-қатынаста болған ойыншы Дженни Хермосо екеуіміздің арамызда болған оқиға. Әрине, мен қателік жасадым және оны мойындауым керек. Бұл қатты эмоция кезінде ешбір зұлым ойсыз жасаған әрекет болды", - деді федерация басшысы ресми кешірім сұрап.
Футболшының өзі бұл жағдайға әзілмен жауап беріп, Рубиалестің нашар сүйісетінін ғана атап өтті.
Айтпақшы, олар сүйісіп болған соң Испания құрамасының әйелдер киім ауыстыратын бөлмесінде бірге суретке түсті.