uswitch.com порталының сарапшылары ең «зиянды» әлеуметтік желілердің бестігін құрастырып, заңсыз контент жиі орналастырылатын елдер туралы айтып берді.

Әлемдегі «ең зиянды» әлеуметтік желі анықталды
Сурет ашық дереккөзден

1. TikTok

    2023 жылы TikTok модераторлары талапқа сай келмейтін 412,8 миллион бейнені шектеген, бұл әрбір 100 000 пайдаланушыға 37 798 бейнеден келгенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш бойынша әлеуметтік желі басқа платформалар арасында көш бастап тұр. ТикТоктағы ең жиі тыйым салынған бейнелер кәмелетке толмағандарға зиян келтіретін мазмұн мен заңсыз әрекеттерге ие, сондай-ақ, ересектерге арналған бейнежазбаларда мазмұн, қудалау, қорлау, қауіпті мінез-құлық және өшпенділік сөздерін насихаттау болған. Көбінесе мұндай бейнероликтер АҚШ, Пәкістан және Индонезия елдерінің қолданушылары арасында тараған.

    2. Facebook

    Зиянды контенттің көлемі бойынша екінші орында Facebook тұр. Өткен жылы әлеуметтік желі модераторлары 600 миллионнан астам жазбаны жойған, бұл әрбір 100 000 пайдаланушыға 20 304 бейнені құрайды. Заңсыз деп танылған видеороликтер мазмұны ересектерге арналған, яғни, жалаңаш дене мен басқа да көріністер, орынсыз графикалық мазмұндар, кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылықты көрсеткен жазбалар көптеп кездескен.

    3. Instagram

    Үшінші орында Instagram желісі. Бұл платформада 185,8 миллионнан астам жазба бұғатталған — яғни, әрбір 100 000 пайдаланушыға 9 292 жазбадан келеді. Көбінесе бұл әлеуметтік желіде ересектерге арналған жалаңаштау және басқа да көріністер, зорлық-зомбылықты бейнелейтін жазбалар, сондай-ақ қорлау, қудалау және балалардың өміріне қауіп төндіретін жазбалар болған.

    100 000 адамға шаққанда 2 954 және 777 жазбамен Twitter және YouTube сәйкесінше төртінші және бесінші орында. Зерттеу барысында АҚШ-тағы кез келген әлеуметтік платформада аккаунты бар 11-12 жас аралығындағы балалардың санын есептеді. Бұл жастағы кәмелетке толмағандардың 86 пайызы аталған әлеуметтік желілерді пайдаланады екен.

    Поделиться: