Лиам Пэйннің өліміне қатысты бес адамға айып тағылды

Аргентина билігі One Direction тобының бұрынғы мүшесі Лиам Пэйннің қайғылы өліміне қатысты бес адамға айып тағылды.


Лиам Пейн
Лиам Пейн / Фото: Лиама Пейннің әлеуметтік желісінен алынды

Прокурорлар қонақүй менеджері Джилда Мартин, қабылдаушы Эстебан Грасси және Пэйннің досы Роджер Нореске "қасақана өлтірді" деген айып тағылғанын айтты. Эсекиэль Перейра мен даяшы Брайан Пайс есірткі жеткізген деп айыпталып отыр. Бұл туралы BBC хабарлады. 

Сот құжаттарына сәйкес, судья Лаура Бруниард істі келесі сатыға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Ақпаратта сотталушылардың адвокаттары шешімге шағым түсіре алатыны айтылған. Апелляциялық шағымдар нәтиже бермесе, сот процесі басталады.

Құжаттарда EDP қонақ үйінің қызметкері қайтыс болғаннан бір күн бұрын Пейнге кокаин сатты деген күдік бар екені айтылған. BNP даяшысы да әншіге есірткі сатты деген күдікке ілінді.

Пейннің досы RLN әншіге тәуелділік кезінде қажетті қолдау көрсетпегені үшін адам өлтірді деп айыпталған. GAM қонақүйінің менеджері мен ERG әкімшісі Пейннің қауіпсіздігін қамтамасыз етпеді деп айыпталуда.

Судья Бруниард айыпталушылар Пейннің өлімін жоспарламағанымен, олардың әрекеттері оның өміріне қауіп төндіретінін атап өтті. Егер кінәсі дәлелденсе, олар бір жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Есірткі сату үшін төрт жылдан 15 жылға дейін жаза қарастырылған.

Судья екі айыпталушыны жақын арада өтетін сотқа дейін қамауда ұстауды бұйырды.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше