Демаламыз ба, жұмыс істейміз бе, маңызды емес. Қыс - шынымен де уақытты жақсы өткізетін мезгілдердің бірі. Қазақстандық ауа-райы кей кезде тұрғындарды қуантпауы мүмкін, алайда жер бетінде ең пәк, ең ажарлы, ең сұлу, ең таза қыс мезгілін аңсайтын елдер де бар! Олармен танысайық.
Барбадос – Кариб теңізі аралдарында орналасқан мемлекет. Жыл бойы ауа мен судың температурасы шамамен 25-27 градус, ал пассат желдер Атлант мұхитынан үнемі соғып тұрады. Ресми тілі – ағылшын тілі.
Сейшель аралдарында жыл бойы орташа температура 27 градусқа дейін тұрақты болады. Басым тілдер: креол (француз тілінде) – 91,8% және ағылшын (ресми) – 4,9%. Мұнда әйгілі пальмалар өседі, олар әлемдегі ең үлкен жемістер және салмағы 20 келіге жетеді.
Бали климаты (Индонезия аралдарының арал бөлігі) ыстық немесе ылғалды болып бөлінеді. Мұнда не күн ыстық, не найзағай ойнап тұрады. Ауаның орташа температурасы 26 градус. Ресми тілі – индонезия тілі. 1945 жылдан бастап латын жазуы заң деңгейінде ресми түрде бекітілді.
Сан-Диего. Калифорния, АҚШ. Бұл өңір Мексикамен шектеседі және ол жерде нағыз қыс жоқ. Түнгі температура қыста (желтоқсан-наурыз) 10 градусқа дейін жетуі мүмкін. Бірақ күндіз күн қайтадан 20-25 градусқа дейін көтеріледі, сондықтан жыл бойы жағажайлар туристерге толады.
Сидней, Австралия. Біз үшін қыс, олар үшін жаз. Бізге жаз, оларға да жаз. Жазда орташа температура 20 градустан төмен түспейді. Қыста мұнда жауын-шашын көбірек жауады, түнде температура 10 градусқа дейін төмендейді. Күнделікті өмір сүруге өте қолайлы климат осы елде.
Таиланд. Бұл елдің көптеген қалаларында 25-30 градус температурамен мәңгілік жаз болады.
Куньмин (Қытай) – нағыз көктем қаласы. Қала тропиктік белдеуде теңіз деңгейінен 2 км биіктікте орналасқан. Климатты қоңыржай. Күндізгі температура 15-20 градус, түнде 5-10 градус, сондықтан мұнда өте ыстық болмайды және мәңгілік көктем дәл осы қалада!
Ақерке Дүйсенбай