Бұл туралы компания 17 қарашада хабарлады.

Қазақстанда барлық McDonald’s мейрамханалары уақытша жұмысын тоқтатты. Мейрамханалардың өзі жабық, олардан жеткізуге тапсырыс беру мүмкін емес. Компания жұмысын уақытша тоқтауының нақты себептерін әлі атаған жоқ.

Қазақстандағы McDonald’s баспасөз қызметі:

Қазақстандағы McDonald’s (Food Solutions KZ ЖШС) жергілікті жеткізілімдердегі шектеулерге байланысты 2022 жыл,18 қарашадан бастап өзінің барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады. Компания жұмысты тезірек қалпына келтіру үшін бар күшін салуда. Мейрамханалардың ашылу мерзімі туралы кейінірек хабарланады.

Компанияның Instagram желісінде мейрамханалар техникалық себептерге байланысты жабылғанын хабарлады.

Компания өкілдері жұмысты тоқтату себептері туралы толық ақпарат кейінірек беруге уәде берді.

Поделиться: