Судья "финпирамида" ісі бойынша өткен алдын ала тыңдауда осындай шешім қабылдады.
Судья адвокат Мейіржан Төребаевтың бұлтартпау шарасын қамаудан үйқамаққа ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырды.
Еске салайық, үстіміздегі жылдың ақпан айында блогер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын.
20 сәуірде олар 10 тәулікке қамауға алынып, кейін қамауға алу мерзімі екі айға ұзартылды. Кейін қамауға алу мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Соңғы рет бұл 21 қарашада ұзартылды.
Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың ісі сотқа жіберілгені белгілі болды. Желтоқсанның 21-і күні соттың алдын ала тыңдауы өтіп, оның барысында көптеген адвокаттар қорғаушыларына қатысты бұлтартпау шарасын жеңілдетуге өзгертуді сұрады, ал Шерниязовтың қорғаушысы тіпті оның қорғауындағы адамға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш берді.
«Сот осы қылмыстық істі алдын ала сот отырысында қарап, прокурор ТӨРЕБАЕВТЫҢ бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішхатын қолдады, өйткені оның асырауында кәмелетке толмаған 5 баласы бар.Сот мұндай мән-жайлар бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз болады деп есептейді. ТҮРЕБАЕВТЫҢ бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыру үшін сот қанағаттандыру туралы шешім қабылдайды.ТӨРЕБАЕВ қамаудан босатылсын», - деді судья.
Оған тұрғылықты жерінен шығуға, әлеуметтік желілерді пайдалануға және журналистермен араласуға тыйым салынды.