Миллиондаған қазақстандықтардың кумирі Қайрат Нұртас бір оқпен екі қоян атып жүр.
Қайрат Нұртас жұмысты демалыспен ұштастыруды біледі. Өнерпазды Алакөлге өнер көрсетуге шақырғанда әнші қуана келген. Көпшілікке Алакөлдегі демалысын көрсетіп, өзін мақтаған Қайрат Нұртас тағы да сынға қалды.
Әнші өз имиджіне мұқият қарағанымен өзінің мәлімдемелерімен жұртшылықты дүрліктіруге қарсы емес. Бөлмеде отырғанда ақ киінген Қайрат Нұртас өзін "аңыз" деп атады, бұл шын мәнінде жұртшылықтың ашуын келтірді.
«Бұл жерде аңыз кім, гангстер кім? Әрине, мен!» — деді әнші.
Еске салайық, жуырда әнші Қайрат Нұртас қаламақысын жариялаған болатын. Кумирді шақыру үшін шамамен 10-15 мың доллар (4 500 000 – 6 500 000 миллион теңге) қажет.