«Мен күйеуімді одан сайын бағалай бастадым» Төреғали Төреәлінің жары


Белгілі қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі екі апта бұрын есірткіге мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған резонансты жағдайдан кейін оның жары алғаш рет өз ойымен бөлісті.

Сурет ашық дереккөзден

Өнерпаздың жары Толқын Тұрарбекқызы қандай жағдай болса да күйеуіне қолдау көрсететінін айтты.

"Бүкіл әлем менің жарыма қарсы соғыс ашса, мен оның артында тұрып, оғын алып беремін" деген сөздер, менің жүрегімде жатталып қалғандай… Иә, бүкіл әлем сенің жарыңа қарсы болғанда, сезімдер тым бөлек. Бірақ Алла мені бұл сынаққа да дайындаған екен. Бұрынғы Толқын, етегі жасқа толып, миллиондаған даттауларға жүрегі жарылып, өзін қоярға жер таппай жылар еді. Ал қазір менің жүрегімдегі мейірім мен Аллаға деген сенім бұның бәрінен үстем болып тұр. Сағыңды сындармай, өзгелердің алдында иілдірмейтін Аллаға сансыз шүкірлер. Жарыңнан артық кімің бар? Ойлап қарасам, мен үшін бұл күндер - отбасы атты құндылықтың шексіз
нығмет екенін терең түсіндіре түсті. Себебі жарымды одан да қатты бағалап кеттім… Біз адамдар, сондай шүкірсізбіз… Тіпті жарымның дауысын естіп жүруім - ол да Алланың нығметі екенін сезінбеппін… Алла қосқан жан-жарыма айтылған әрбір сөздің менің жанымды да жаралап, қанжардай қадалып, жарамды тілімдей бергені рас..." - деп жазды ол.

Бұған дейін Төреғали Төреәліге қатысты Қылмыстық кодекстің 378-бабы «Билік өкілін қорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болған. Құқық бұзушылық әншіні 14 маусымда жол ережесін бұзғаны үшін көліктен алып кеткен кезде орын алған. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Сонымен қатар, оған қатысты алты әкімшілік хаттама толтырылды.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше