Абай ауданының тұрғыны көлікті мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік қамауға алынбау үшін сотқа жүктілігі туралы жалған анықтама берген.
Құқық бұзушыға қатысты іс сотта 2023 жылдың наурыз айында қаралған. Істі қарау барысында ол жүкті әйелдерге қатысты қамауға алуға заң бойынша тыйым салынғандықтан, жазадан жалтаруға мүмкіндік берген жүктілігі туралы анықтама берген.
"Бірақ жауап алу кезінде қылмыскер өзінің жүктілігіне қатысты қарама-қайшы айғақтарды бере бастайды. Мұны іске қатысушы прокурор байқап, істі қарауды кейінге қалдыруды сұрап, медициналық құжаттарды тексеруге кіріседі"- Абай ауданы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, жүктілік жалған болып шықты.
"11 наурызда Үржар аудандық сотының үкімімен әйел Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыпты деп танылды. Сонымен қатар, сот шешімімен ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды: 15 тәулікке және 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырды"-Абай ауданы прокуратурасының баспасөз қызметі.