Магнитудасы 5,1 болатын дүмпулер 10 шақырым тереңдікте тіркелген. Эпицентрі Нейпьидо астанасынан 2 шақырым жерде орналасқан.
Зақымданулар туралы әзірге ақпарат түскен жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 28 наурызда Мьянмеда 7,7 магнитудасымен жер сілкінісі болды, ол елдің орталық бөлігінде 12:50-де (Астана уақытымен 11:20) тіркеліп, бүкіл ел аумағында бүліншіліктерге себеп болды. Эпицентрі Мьянманың екінші үлкен қаласы Мангалайдан шамамен 17 шақырым жерде орналасқан, бұл қалада 1,5 миллион адам тұрады.
Мьянма билігі "әрбір елден, әрбір ұйымнан" гуманитарлық көмек көрсетуін сұрады және "сыртқы көмек үшін барлық жолдарды аштық" деп мәлімдеді.
Жер сілкінісі Тайландта, Бангладеште, Лаоста, Қытайда және Үндістанда сезілді. Тайландта кем дегенде 10 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды, 100-ден астам адам хабар-ошарсыз кеткен.
Жер сілкінісі үлкен зақымдарға әкеліп, көптеген ғимараттар бүлініп немесе қиратылды. Бангкокта салынып жатқан 30 қабатты ғимарат құлап, бірнеше ондаған адам үйінділер астында қалды. Бұл Азия аймағындағы соңғы жылдардағы ең күшті жер сілкіністерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Президенті табиғи апаттан зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуін тіледі.
29 наурызда Мемлекет басшысы Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайнға көңіл айту телеграммасын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянмеде жойқын жер сілкінісінің нәтижесінде көптеген адамның қаза болғанын өкінішпен қабылдағанын білдірді.