«Миллиондаған адам аш қалуы мүмкін» БҰҰ басшысы Ресейді шешімін өзгертуге шақырды


Ресей Қырым көпірінің бір бөлігін құлатқан екі жарылыстан кейін бірнеше сағат өткен соң «астық келісімін» бұзатынын айтты.

Сурет: wikipedia

Ресей "астық келісімін" жойғаннан кейін БҰҰ Бас хатшысы бұл шешімге қатты көңілі қалғанын айтты.

«Түптеп келгенде, бұл келісімдерге қатысу – таңдау еді. Бірақ (аштықпен) күресіп жатқан адамдар мен дамушы елдерде таңдау жоқ. Жүздеген миллион адамдар аштықпен бетпе-бет келіп, тұтынушылар өмір сүру құнының жаһандық дағдарысына тап болу қауіпі төніп тұр», - деді Антониу Гутерриш.

Еуропа да назардан тыс қалған жоқ. Германия канцлері Олаф Шольц «Ресей әлемде барлығының жақсы және қатар өмір сүруі үшін жауапкершілікті сезінбейді» деді.

Украина мен Ресей әлемдегі ең ірі астық экспорттаушылардың бірі болып табылады және көптеген елдер осы экспортқа тәуелді, оларсыз аштыққа ұшырайды.

Мәскеу ресейлік тыңайтқыштар мен азық-түлік өнімдеріне салынған санкциялар жойылса, келісімді қайта бастауға дайын екенін айтады. Батыс Ресейді азық-түлікті әскери мақсатта пайдаланады деп айыптайды.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше