Мими Ильницкая

Суретші, иллюстратор, 37 жаста, Алматы


Mimi Ilnitskaya illustrator artist
Фото Иса Майтпас

Маған аса жолым болды: бала күнімнен айналысып, ересек өмірге дейін бірге келген ісім бүгінде менің кәсібіме айналды. Сондықтан айтуға болады: балалық шақ әлі аяқталған жоқ, ол мәңгі ішімде қалды, үстіне жиналған тәжірибе мен тән өзгерістері жаңа мүмкіндіктер әкелді!

Оқу — қауіпсіз қателер аймағы! Және осы аймақта сіз жаңа дүниені енді меңгеріп жатқаныңызды батыл мойындап, үлкен мұрат жолында ұсақ қателердің болмай қоймайтынын қабылдай аласыз.a0

Өмір бойғы артықшылық — өзің болып қалыптасу. Осы ақиқатты түсінген сәтте, өз жолыңнан титтей де жаңылмай ілгерілейсің.

Мен — ажырасқан анамын, екі ұлым бар, біз өнерден түскен табыспен ғана күн көріп отырмыз, өзі үшін төлемейтін елде. Немесе, ең болмағанда, неге шығармашылық еңбекті төлеу керектігін түсінбейтін қоғамда.

Өзім қолданатын және балаларымды да үйреткен қағида: артыңнан кез келген орынды бұрынғысынан сәл де болса жақсырақ күйде қалдыру.

Бір сәтке елестетіңіз: жаңа буын тұрмыстық зорлық жөніндегі картиналарды көргенде, қоғамда мұндай тағылық мәселелер болғанына таңданатын кез келер!

Бір замандарда адамдар табиғат пен жан-жануарларға жаман қарады, мұхитты ластады. Әсем де жарқын уақыт туады! Бұрын қазақтар өнерде сирек бейнеленсе, кейін өздерін сала бастайды, яғни өзін-өзі таңбалайды, мәдениеті туралы кітаптар жазады, этникалық фестивальдер өткізеді және мәдени кодын қалпына келтіреді!

Өнер — шынайылық өмірінің күнделігі.

Өнер туралы білуге керегі — автордың нақ осы сәттегі оқиғаға берген өзіндік білдірімі.

Шығармашыл адамдар өте сезімтал, сондықтан пікірлерді өздеріне қабылдап қалады, алайда ол пікірді жазған адамның өзі туралы ғана айтады. Автор осыны ұққан сәтте, бұл оған өзін батыл көрсетуге қорған болады.

Мен кішкентай балаларға зор махаббатымды және өнерге деген құштарлығымды жеткізгім келеді. Оларда, өзге ешкімде жоқтай, идея тудыруға, креатив жасауға туа бітті дарын бар деп ойлаймын, сол сәтті мүлт жібермей, оны ересек өмірге дейін алып өтуге мүмкіндік беру керек.

Егер мен Қазақстанның мәдениет министрі болсам, болашақ суретшілерді қажетті бағыттарда даярлау бағдарламасына бірден түзетулер енгізер едім, сонда түлек авторлық құқық пен зияткерлік меншігін қорғауды, құқықтық қырларды және қаржылық сауаттылықты меңгерген дайын кәсіби ретінде шығатын еді.

Арманым — мен меңгерген бейнелеу өнері адамдардың жанын емдейтіндей әсер етсе, терапия секілді (сондықтан әр суретімде үлкен идея бар), көрерменді бір әсем іске жетелесе...

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше