Моредогтар мен мұзды витринадан таңдалатын балық: Алматыда алғашқы «Рыба Пила» fish bar-ы ашылады
Sun Group мейрамханалар холдингі жобасы
5 желтоқсанда Достық даңғылы, 280 мекенжайында Алматыдағы алғашқы «Рыба Пила» fish bar-ы ашылады. 2021 жылы Астанада іске қосылған Sun Group мейрамханалар холдингі жобасы қалаға осьминог қосылған моредогтарды, тунец бургелерін және түскі не кешкі асқа балық таңдауға болатын ашық мұзды витринаны алып келеді.
«Рыба Пилада» хот-догтың атауы басқаша. Мұнда оны моредог деп атайды және екі нұсқада ұсынады: асшаянмен немесе осьминогпен. Шаурманың да теңіз нұсқасы бар, ал бургерді тунецпен әзірлейді. Осы үш тағам арқылы fish bar-дың қалай жұмыс істейтінін оңай түсінуге болады. Мұнда балық пен теңіз өнімдері жылдам қалалық түскі асқа үйреншікті форматта да беріледі.
Моредогтан грильдегі дорадоға дейін
Мәзірде Еуропа жағалауларының асханалары, азиялық және перуан дәмдері тоғысқан. Бастапқыға теңіз өнімдері салатын таңдауға, қою балық сорпасын не ащы том ямды тапсырыс беруге, ал кешкі асқа грильдегі дорадо алуға болады. Сондай-ақ паста, роллдар және балық қосылған қуырдақ бар. Жергілікті балық та мәзірде теңіз өнімдерінің қатарынан лайықты орнын тапқан. Әр түрінің дәмін ашу үшін оны әрқилы тәсілмен дайындайды.
«Рыба Пила» Астанадағы бес жылдық жұмысында түскі үзіліске бургер де, үлкен үстел басына грильдегі балық та бірдей жарасатын мәзір қалыптастырды. Алматыда да осы идея мейрамхана форматын айқындайды. Күндіз әріптестермен соға кетуге немесе іскерлік кездесу белгілеуге, ал кешке достармен жиналып, ортаққа бірнеше тағамға тапсырыс беруге болады.
Балықты мұзды витринадан таңдауға болады
Мұндағы ашық мұзды витрина мәзірдің жалғасы ретінде қызмет етеді. Онда жергілікті балық, теңіз деликатестері, моллюскалар мен теңіз кірпілерін ұсынады. Қонақтар балықты немесе теңіз өнімдерін өздері таңдап, оны қалай дайындау керегін шешеді. Осылайша тапсырыс дәл витринадан, сол сәтте көңіл аудартқан өнімнен басталуы мүмкін.
Жеке гастрономиялық кештерде команда Art of Cutting өткізеді. Бұл — тұтас балықты мүшелеу шоуы, онда қонақтар аспаздардың қалай жұмыс істейтінін көре алады. Витринадан өнімді жақынырақ тамашалап, ал Art of Cutting барысында оның беріліміне дейінгі кезеңдерін де бақылауға мүмкіндік бар.
Мейрамхананың өз тұрағы бар. 5 желтоқсаннан бастап Достық, 280 мекенжайында бірінші моредог үшін соға кетуге немесе достарыңызды кешкі асқа жинап, бірге мұзды витринадан балық таңдауға болады.