Netflix «Кальмар ойыны» сериалының финалдық маусымының тизерін көрсетті

Премьерасы 2025 жылғы 27 маусымда өтеді.


Фото: «Кальмар ойыны» тизерінен кадр
Фото: «Кальмар ойыны» тизерінен кадр

Netflix оңтүстік кореялық «Кальмар ойыны» телесериалының үшінші және соңғы маусымының тизерін жариялады. Жаңа бөлімдер екінші маусымнан кейін алты ай өткен соң, 27 маусымда жарық көреді.

Бейнероликте (тизер) табыт, баланың жылаған дауысы, VIP-қонақтардың оралуы және жаңа лотереяны көруге болады. Бұл маусымда Сон Ги Хун тағы да ойынға тап болады. Басты кейіпкер қиын таңдау жасауға мәжбүр. 

Актерлік құрамда Ли Джон Джэ, Ли Бен Хон, Им Ши Ван және Кан Ха Ныль қайта оралады. Түсірілімдер екінші маусыммен қатар жүргізілген, сол себепті соңғы маусым рекордтық қысқа мерзімде шығады. Барлық бөлімдерді Хван Дон Хек түсірген.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше