Нью-Йорк бұқаралық кітапханасы белгілі қазақ ойшылдары мен композиторларының шығармаларымен толықтырылды

Бұл туралы Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.


The New York Public Library
Фото: ҚР СІМ

17 наурыз күні Нью-Йорк бұқаралық кітапханасына (The New York Public Library) қазақ ақын-жазушылары мен композиторларының шығармаларын тапсыру рәсімі өтті. Туындыларды Нью-Йорк кітапханасына сыйға беру – Қазақстан мен Америка Құрама Штаттар арасындағы оқу-ағарту және мәдени байланысты одан әрі нығайтудағы маңызды қадам.

Қазақстанның Нью-Йорк қаласындағы Бас консулы Рауан Тілеулин қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармалары, Шоқан Уәлихановтың таңдаулы еңбектері, Жабайхан Әбділдин мен Раушан Әбділдинаның «Abai. Philosopher. Reformer. Humanist» туындысы, сондай-ақ заманауи қазақ прозасы мен поэзиясының жинақтарымен таныстырды.

Министрліктің хабарлауынша, ұлы ойшылар Абай Құнанбайұлы мен Шоқан Уәлихановтың еңбектеріне ерекше назар аударылды. Олардың шығармалары Гарвард және Оксфорд сияқты әлемнің жетекші университеттерінде зерттеледі. 1995 жылы ЮНЕСКО оның мұрасын материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізе отырып, әлемдік мәдениетке қосқан үлесін бағалады.

«АҚШ-та алғаш рет жарық көрген партитура батыс орындаушыларына қазақтың бірегей фольклорын өз репертуарына қосуға мүмкіндік береді. Ол эпикалық музыкалық баяндау формасына негізделген және өзара шығармашылық ынтымақтастыққа шабыттандырады деген ойдамын»,– деді «Global Music Partnership» негізін қалаушы Владимир Дё.

1895 жылы негізі қаланған Нью-Йорк бұқаралық кітапханасы – бүкіл Нью-Йорк бойынша 90-нан астам филиалы бар әлемдегі ірі кітапхана институттарының бірі. Әлемнің миллиондаған үздік туындылары, қолжазбалары мен түрлі шығармалары шоғырланған әйгілі кітапхана енді өз оқырмандарына Қазақстанның да әдеби-тарихы, мәдени бай мұрасын ұсынады. Әлемдегі ең үздік әрі сирек туындыларға бай, ерекше коллекцияларымен танымал бұл кітапхана Американың жетекші мәдени институттарының бірі болып саналады.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше