Танымал композитор, әнші Ғазизхан Шекербеков «Саты» подкастында Қайрат Нұртаспен қалай танысқанын айтып берді.

«Ол менің әндерімнің арқасында танымал болды»: Қайрат Нұртас туралы танымал хиттердің авторы
Фото: ашақ дереккөзден

Ғазизхан әндерінің сәтті шығуына көп жағдайда Нұртастың танымалдылығы әсер еткенін жасырмады.

«Жалпы, менің түсінігім бойынша, Қайрат үшін әнін кім шығаратыны маңызды емес. Ол бұл туралы ойламайды. Ән өте танымал болған кезде ғана: «Бұл әннің авторы кім?» деп сұрайды. Алайда ол өзі авторларды іздемейді. Оның бәрін жасайтын үлкен командасы бар. Прайм Плазадағы оқиғадан кейін Қайраттың жағдайы біршама нашарлап, сахнадан сәл алыстап кетті. Одан кейін ақын Ақмарал Леубаева «Жаралы жанның әні бұл» әнін шығарды, бұл әннің музыкасын мен жаздым. Содан кейін мен «Сен де, мен де» композициясын ұсындым. Екеуі де хитке айналды. Біраз уақыттан кейін «Аңсайды жаным» әнін жаздым, ол да танымал болды. Одан кейін Қайраттың орындауындағы «Мен оралам» хиттері шықты. Осы кезде Қайрат та қызығып, бұл әндердің авторы кім деп сұраса керек. Дәл осылай, тіпті менімен жүздеспесе де, ол мені ұнатты. Өз кезегінде әндерімді хит етіп жүрген адамға тәнті болмай тұра алмадым», — деп мойындады композитор.

Композитордың айтуынша, алғашқы ұсыныс Қайрат Нұртастан түскен.

«Әндерім бірінен соң бірі хитке айналғандықтан, Қайрат мені өзімен бірге концерттерге ала бастады. Содан кездескенде «Сүйсен, сүйем», «Жаралған жүрегім» әндерін көрсетіп, дуэт жазуды ұсындым. Сол кезде Қайрат менімен бір ән емес, тіпті сегіз ән айтуға дайын екенін айтты. Мен де бақытты болдым. Менің шабытым жанданып, соло мансабымды осылай бастадым. Бірақ жұрттың «Мені сахнаға Қайраттың арқасында шықты» дегені мені қатты ренжітеді. Қайратқа дейін де Арман Дүйсенов деген ұстазым болды. Шығармашылық жолымды жәй бастаған адаммын. Мұны жоққа шығаруға болмайды. Объективті қарасаңыз, Қайрат менің әндерімнің арқасында танылды, ал менің шығармаларым соның арқасында танымал болды. Екеуміз де бір-бірімізге үлес қостық», – дейді өнер иесі.

Поделиться: