Жергілікті биліктің мәліметінше, олар 8 метрлік топырақ қабатының астында қалған.

Папуа-Жаңа Гвинеяда көшкіннен 2 мың адам қаза тапты
Фото

Қайғылы оқиға таулы аймақтағы Энга провинциясында болды. Адамдарды іздеу нақты жер бедері мен тұрақсыз топыраққа байланысты қиында, көмек жеткізуге бұзылған жолдар кедергі келтіруде. Табиғи апат орнына ауыр техника әлі келген жоқ. Жергілікті тұрғындар үйінділерді таяқ, күрек және жалаң қолдарымен қазып, тірі қалғандарды іздеп жатыр. Билік 8 мың адамның эвакуацияланғанын жариялап, БҰҰ-ға халықаралық көмек сұрады.

«Тау етегінде орналасқан тұтас бір елді мекен жер астында 8 метр тереңдікте жатыр. Әзірге тек 5 мәйіт табылды.150-ден астам үй үйінділер мен топырақ астында қалғаны белгілі болды. Адамдарды аман алып қалуға деген үміт көз алдымызда сөніп барады»,- деп хабарлады Серхан Ақтопрақ, Халықаралық көші-қон ұйымының өкілі.

Поделиться: