Алматының әйелдер футбол клубы «Қайрат» пен «Оқжетпес» арасындағы Қазақстан чемпионатының үшінші турындағы матч — нағыз сенсацияға айналды. «Қайрат» қарсыласын 14:1 есебімен күйрете жеңді, бұл алаңдағы толық үстемдіктің көрінісі болды. Бұл туралы kffleague.kz хабарлады.
Анель Досболова матчтың жұлдызына айналды — покер (4 гол) жасады.
Томирис Рахатжан, Вероника Пересунько, Аяжан Қожабекова, Жанель Таласбаева қос голдан соқты, ал тағы гол соққан ойыншылар тізімінде Эльмира Абдулаева, Тоқжан Бекпенбет, Ару Ермағамбетова болды.
«Оқжетпес» командасының жалғыз голын Айдана Иважанова 40-минутта соқты.
«Оқжетпес» үшін тағы бір қиын сәт — Эльвина Квасова 65-минутта екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.