Бір жаққа билеттің белгіленген бағасы 10 000 теңге болады.
Qazaq Air 6 ақпаннан бастап Жезқазғаннан Қарағандыға субсидияланған рейстерді ұшыра бастайды, деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Рейстер аптасына төрт рет канадалық De-Havilland Dash 8-Q400 жаңа буын ұшақтарында келесі кесте бойынша дүйсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады:
Дүйсенбі, жұма және жексенбі:
Жезқазған 11.10 - Қарағанды 12.10;
Қарағанды 12.50 - Жезқазған 13.50.
Бейсенбі күндері:
Жезқазған 14.50 - Қарағанды 15.50;
Қарағанды 16.30 - Жезқазған 17.30.
Ұшу ұзақтығы бір сағат. Тұрақты баға бір бағытта – 10 000 теңге. Бағаға 5 кг-ға дейінгі қол жүгі және 20 кг-ға дейінгі багаж кіреді. Сонымен қатар, ұшу күнін өзгерту және билеттерді қайтару шегерімсіз жүзеге асырылады. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік беріледі.
Авиакомпанияның ресми сайтында, сондай-ақ сату кеңселерінде билеттерді брондауға және сатып алуға болады.