Қазақ боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінде көш бастады

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ санаттары бойынша рейтингтердің жаңартылған нұсқасын ұсынды.


Мейірім Нұрсұлтанов
Фото: sports.kz

Орташа дивизионда өзгерістер болды. Бұған дейін үшінші орын алған қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) бірінші орынға көтерілді. Оның артынан британдық Хамза Шираз (21-0-1, 17 КО) және Крис Юбанк кіші (34-3, 25 КО) келеді.

Бұған дейін WBC ұйымның қазіргі орта салмақтағы чемпионы доминикандық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 КО) Нұрсұлтановпен жекпе-жекте титулын қорғауды бұйырған болатын.

WBC рейтингіндегі қазақстандық боксшылардың толық тізімі:

  • Аса ауыр салмақта Иван Дычко 31-орында қалды.
  • Жартылай ауыр салмақтағы рейтингте Бекзад Нұрдәулетов 34-орыннан 35-орынға түсті.
  • Әли Ахмедов 13 позициядан айырылып, 26-орынға табан тіреді. Сол салмақта Бек Нұрмағанбет 17-ші болып қалды.
  • Орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов өз дивизионында үшінші орыннан бірінші орынға көтерілді.
  • Садриддин Ахмедов бірінші орта санаттағы рейтингте өз орнын бір сатыға жақсартып, 29-шы орынға тұрақтады.
  • WBC Peace белбеуінің иегері Данияр Елеусінов жартылай орта салмақ дәрежесінде 25-орыннан 26-орынға жылжыды.
  • Бірінші жартылай орта салмақта Батыр Жүкембаев әзірге 33-орында.
  • Сұлтан Зәуірбек екінші жеңіл салмақтағы рейтингте екі сатыға көтеріліп, қазір 28-орынға жайғасты.
Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше