Бұл ойындарда еліміздің алғашқы «алтынын» ерлер эстафетасында шорт-трекшілер жеңіп алды.
Финалда Қазақстан Жапония (екінші орын) мен Қытайды (үшінші орын) ұтты. Фаворит саналған Оңтүстік Кореяға пенальти белгіленді.
Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Әділ Галиахметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Насен жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, Қазақстан тарихта алғаш рет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Шорт-трекшілер Харбинде барлығы үш жүлдені жеңіп алды. Олардың барлығы эстафеталық жарыста жеңіске жетті.