Қазақстанда «ақылы жол желісі» 4 мың шақырымға ұлғаяды

Бұл кірісті 60 миллиард теңгеге дейін арттырады.


Фото: pixabay
Фото: pixabay

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев үкімет отырысында Қазақстандағы ақылы жолдардан түсетін түсімдердің айтарлықтай өскені туралы баяндады.

ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылға қарай кірістер 100 млрд теңгеге жетеді деп күтілуде.

2024 жылы бұл сома 48 млрд теңгені құрады.

«Сонымен бірге, ақылы жолдардан түскен қаражаттың бір бөлігін құрылыс жұмыстарына алынған несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді жабуға пайдалану мәселесі қарастырылуда», - деді министр.

Қазір елімізде 3,2 мың шақырым ақылы жол жұмыс істейді.

Бұл ретте жол қызметі дамып келеді: қолданыстағы 1446 нысанның 90 пайызы ұлттық стандарттарға сәйкес келеді.

2025 жылы бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу, сондай-ақ 400-ден астам заманауи сервистік нысандардың құрылысына ірі инвесторларды тарту жоспарлануда, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Көлік министрінің айтуынша, 2029 жылға қарай жалпы құны 120 млрд теңгені құрайтын 60 кешенді қызмет көрсету нысанын салу жоспарлануда. Олардың ішінде демалыс орындары, жүк көліктері тұрағы және жанармай құю бекеттері болады. Бұл ұлттық қонақүйлер желісін құруға және автотуризмді ынталандыруға мүмкіндік береді.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше