Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жетістік D тобындағы соңғы матчта Колумбияны 2:0 есебімен сенімді жеңудің арқасында мүмкін болды. Бұл кездесуде Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева өздерінің жекелей кездесулерінде айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Бұған дейін қазақстандықтар Үлкен дулыға турнирінің иелері және Билли Джин Кинг кубогының жеті дүркін чемпиондары саналатын Аустралия құрамасын сенсациялық түрде жеңген болатын.
Финалдық турнир Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 16–21 қыркүйек аралығында өтеді.
Қазақстан теннис федерациясының президенті Булат Өтемұратов бұл жетістікпен команданы жеке өзі құттықтап, оның елдегі теннисті дамыту мен жас спортшыларды ынталандыру үшін маңыздылығын атап өтті.