Қазақстанда бала туғанда және бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақы өсті

Қазірдің өзінде 211,3 мың азамат жалпы сомасы 153,6 млрд теңгеге қолдау алды.


shutterstock.com
shutterstock.com

2025 жылдың басынан бері Қазақстанда бала тууға байланысты мемлекеттік жәрдемақы және бір жарым жасқа дейін оның күтімі бойынша төлемдер өсті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, қазірдің өзінде 211,3 мың азамат жалпы сомасы 153,6 млрд теңгеге қолдау алған.

Жыл басынан бері 62 мың адам бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақы алып, оған 11,2 млрд теңге бөлінді. Тек ақпан айының өзінде 28,3 мың отбасына қолдау көрсетіліп, төлемдердің жалпы сомасы 5,1 млрд теңгені құрады.

Жаңартылған жәрдемақы сомалары бойынша 6,5% индекстеуді ескере отырып, төлемдер:

  • 149 416 теңге (38 АЕК) – бірінші, екінші және үшінші балаға;
  • 247 716 теңге (63 АЕК) – төртінші және одан кейінгі балаларға.

Орта есеппен 123 мың адам бала күтімі бойынша ай сайынғы төлемақы алса, жыл басынан бері төленген қаражат көлемі 7,2 млрд теңгеге жетті. Ақпан айында бұл сома 3,6 млрд теңгені құрады.

Жәрдемақы мөлшері балалардың санына байланысты өзгереді:

  • 22 648 теңге (5,76 АЕК) – бірінші балаға;
  • 26 777 теңге (6,81 АЕК) – екінші балаға;
  • 30 866 теңге (7,85 АЕК) – үшінші балаға;
  • 34 995 теңге (8,90 АЕК) – төртінші және одан кейінгі балаларға.

Ресми түрде жұмыспен қамтылған азаматтар үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) қосымша әлеуметтік төлемдер қарастырылған. Ол декреттік демалыстың бүкіл кезеңіне, сондай-ақ жаңа туған нәрестені асырап алу кезінде тағайындалады.

Жыл басынан бері бұл біржолғы төлемді 43,4 мың адам алып, жалпы сомасы 61,1 млрд теңгені құрады. Тек ақпан айының өзінде 20,5 мың алушыға 27,8 млрд теңге түссе, екі айдағы орташа төлем 1 696 669 теңгені құрады.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше