Қазақстанда қайырымдылық қаражатын жинауға тыйым салынады

Мәжіліс алаңында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жеке тұлғалардың ақша жинауына тыйым салуды енгізу жоспарына қатысты пікір білдірді.


қайырымдылық
Фото: pexels

Министр бұл мәселе талқыланып жатқанын және жұмыс тобының құрылғанын атап өтті.

«Осындай бастамалар жай ғана қабылданбайтындығын түсінуіңіз керек, сондықтан, біз қайырымдылық көмек тетігін жетілдіру мәселесін қарастырып жатырмыз», - деді.

Сондай-ақ ол мұндай мәселелерді бір министрліктің қабырғасында шешу мүмкін еместігін атап өтті. Мұның барлығы азаматтық қоғамның кең институттарының қатысуымен талқыланады, деп қосты Балаева.

«Министрлік жанынан жұмыс тобы құрылды, ол барлық проблемалық мәселелерді, оң жақтарын сараптайды, әрине, бұл жерде мен жауапты түрде айта аламын Мәселе талқылау сатысында», - деп түйіндеді сөзін Аида Балаева.

Қазақстан Республикасының қайырымдық қорларының тізімі

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше