Қиямет күніне 89 секунд

Бұл адамзат бұрын-соңды байқаған дүниенің ақырына ең жақын сәт.


thebulletin.org
thebulletin.org

Чикаго университеті шығаратын жыл сайынғы «Атом ғалымдарының бюллетенінде» 2024 жылы адамзаттың тұңғиық жағасына бұрынғыдан да жақындағанын атап өтті.

Сағаттағы уақыт әлемдік жағдайдың шиеленісін білдіреді, ал сағат тілі түн ортасына тура келгенде әлем ядролық шиеленіске көшетінін, яғни қиямен күні келетінін білдіреді. «Ақырзаман сағаты» алғаш рет 1947 жылы журналдың мұқабасында пайда болды.

2024 жылы ашық қауіптерге қарамастан, әлем көшбасшылары траекторияны өзгерту үшін қажетті қадамдарды жасай алмады. 2025 жылы негізгі алаңдаушылықтар өзгеріссіз қалады: ядролық қауіп, климаттың өзгеруі және қарқынды дамып жатқан технологиялар, соның ішінде биотехнология.

Өткен жылы климаттың өзгеруінің салдарын нашарлататын жаңа рекордтар орнатылды. Теңіз деңгейі көтерілуде, жаһандық температура рекордтарды жаңартуды жалғастыруда және парниктік газдар шығарындылары азаймай отыр.

Биологиялық зертханалардың бақылаусыз дамуы және оларға қарсы бақылау шараларының жеткіліксіздігі қауіпті қоздырғыштардың ағып кету қаупін арттырады. Сонымен қатар, жасанды интеллекттің қарқынды дамуы биологиялық қаруды жасаудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

«АҚШ, Қытай және Ресей өркениетті жоюға ұжымдық күшке ие. Бұл үш ел әлемді тығырықтан қайтару үшін негізгі жауапкершілікті өз мойнына алады және егер олардың көшбасшылары осы жерде баяндалған жаһандық қауіп-қатерлерді байыпты, шынайы талқылауға кіріссе, олар мұны істей алады», - деп жазды Bulletin.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше