Ресей азаматтарының қазақстандық көліктерді сатып алуы мәселесіне министр жауап берді


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев отандық автоөнеркәсіп нарығындағы тапшылық пен Ресей азаматтарының қазақстандық көліктерді сатып алуына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Қайырбек Өскенбаевқа министрлік Ресейдегі және басқа елдердегі қазақстандық көліктер нарығын бақылауды жоспарлап отыр ма деген сұрақ қойылды.

"Экономиканың заңдылықтары сондай, бүкіл әлем сату нарығы үшін күресіп жатыр. Біз өнімдерімізді неғұрлым көп сатқан сайын олар технологиялық жағынан да, экономикалық жағынан да дамиды. Яғни, бұл жаңа жұмыс орындары. Біз оны ресми түрде көрмейміз. Иә, біздің адамдардан сатып алынып, кейін қайта сатылып жатыр деген ақпарат бар. Өкінішке орай, біз бұл статистиканы көрмейміз және бұл жерден көру қиын», - деді Өскенбаев.

Министрдің айтуынша, шетелдіктердің қазақстандық көліктерді сатып алуына шектеу қою мүмкін емес. Соған қарамастан, ол міндетті түрде шетелге шықпайтын және қайта сатылуы тиіс көліктерді атады.

«Жеңілдетілген бағдарлама бойынша сатып алынған көліктер кез келген жағдайда шетелге шықпауы керек. Мемлекет бұл адамға бастапқы жарнасыз, 4 пайызбен осы көлікті айдап, пайдалана алуы үшін субсидиялады. Біз бұл мәселеге қандай шектеу қоямыз, соны ойлауымыз керек. Бірақ олар қазірдің өзінде шектеулі, өйткені олар несиеге сатып алынған және оларға ауыртпалық түсіп жатыр», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Жеңілдікті бағдарламадан тыс, жалпы негізде сатылатын көліктер еш шектеусіз сатылуы керек деп есептейді министр.

"Менің ойымша, біреу сатып алмас үшін қумай, өндіріс көлемін ұлғайту керек. Керісінше, біз көліктеріміздің әлемнің барлық елдеріне келуін ынталандыруымыз керек. Біз әрқашан мәселені шешудің жолдарын іздейміз. Бір нәрсеге тыйым салу, біреуден бірдеңені тартып алу заңсыз дүние. Осы мәселелерді экономикалық жолмен шешейік. Біз автоөнеркәсіпті одан да көп көлік шығаруға ынталандыруымыз керек. Жақында үш-төрт зауыттың құрылысы басталып жатыр, келесі жылы біз оларды іске қосамыз», - деді министр.

Ол бұл мәселеде мемлекеттің басты міндеті – қазақстандықтарды көлікпен қамтуды жыл сайын арттыру екенін түсіндірді.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше