Танымал ресейлік актер Сергей Романович өзінің TikTok аккаунтында видео жариялады, онда ол Қазақстанда өзін қатты таң қалдырған 3 нәрсені атады.
Сергей Романович әлеуметтік желіде бейнежазбасын жариялап, онда ол біздің елде өзіне ең қатты әсер еткен үш нәрсені атап өтті. Бейне бірден ондаған мың лайк жинап, TikTok ұсыныстарына ие болды.
Актердің айтуынша, оған белсенді түрде көмектескен қазақстандықтар оны таң қалдырды.
«Біреу маған пәтерді жеңілдікпен берді. Немесе бір-екі сағатқа таныс адам осында жүре беруім үшін жүргізушісі бар жаңа «Мерседес» көлігін береді. Яғни, осындай мейірімділік мені қатты таң қалдырды. Мен өте риза болдым», - дейді ол.
Сондай-ақ Сергей Романович Қазақстандағы цифрландыру деңгейіне таң қалғанын атап өтті.
"Kaspi қосымшасы керемет. Мен мұны тек10 минутта карта алдым деп айтып отырғаным жоқ. Бұл қосымшада сізге керектің барлығы бар: жүргізуші куәлігі, туу туралы куәлік, АХАЖ, түрлі өнімдер, қоғамдық Қызметтер. Мен бір адаммен кафеде отырып, одан көлік сатып алып, осы қосымшада бес минут ішінде төлем жасай аламын. Деңгейді бағалаңыз», - деп қосты актер.
Сондай-ақ, блогердің айтуынша, елде «қиын-қыстау кезеңдерге қарамастан, президенттерін барынша қолдап жатқаны" таңқалдырғанын айтты.
«Қазақстан, сен ғажапсың!» – деп түйіндеді жас актер.
Видеоға 1500-ден астам пікір қалдырылды.
Посттың астына «Қазақстанға қош келдіңіз!», «Цифрландыру әлі жалғасуда… бұл әлі біткен жоқ» деп жазуда әлеуметтік желі қолданушылары.
Бұған дейін украиналық Анна Ерченконың Қазақстанда тұратыны туралы видеосы жақында TikTok ұсыныстарына енгізілген болатын. Tengri Lifestyle басылымымен қысқаша сұхбатында Анна Алматы мен жергілікті тағамдарға ғашық болғанын, сонымен қатар елдегі банктік қызмет көрсету деңгейіне тәнті болғанын мойындады.