Ұлттық банктің мәліметінше, банк карталарының саны қыркүйек айында максималды көрсеткішке жеткен. Оған ресейліктердің бұрын-соңды болмаған ағыны Қазақстанға келуі себеп болған.
Биыл айналымдағы карталардың саны 12 пайызға дерлік артқан. Яғни, қазір 16 жастан асқан әрбір қазақстандыққа орта есеппен бес картадан келеді.
«Атамекен» аналитикалық қызметінде бұл карталық туризммен байланысты. Жыл басынан бері ресейліктер Қазақстанда есепшот ашуға міндетті 70 мың ЖСН алды.
Сонымен қатар, қыркүйекте Ресейден Қазақстанға ақша аударымдарының саны мен көлемі 10 есеге өсті. Көрші елден республикамызға 36 миллиард теңгеге 103 мың транзакция жасалды.