Құс тұмауы өршіп тұр! Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады


Құс тұмауының инфекциясы тыныс алу жүйесі мен шырышты қабаттар арқылы жүреді. Мұндай түсініктемелерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті берді.

Фото: pixabay

Адамның құс тұмауын жұқтырған алғашқы оқиғасы Гонконгта 1997 жылы тіркелген. Содан бері бұл ауру әртүрлі елдерде анықталды.

Адам инфекцияны құстан жұқтыруы мүмкін. Тұмаудың бұл түрі адамнан адамға берілмейді.

«Құс сою, өңдеу, сондай-ақ құс етін тұтынуға дайындау, әсіресе үйде, ең алдымен, фермерлер, құс фабрикалары мен базарлардың қызметкерлері қауіп төндіреді», - дейді мамандар.

Егер жұмыртқа немесе құс еті мұқият термиялық өңдеуден өткен болса, олардан жұқтыру мүмкін емес.

Санитарлық эпидемиологтар қазақстандықтарға құстармен араласпауға және олардың өнімдерін қажетті қорғаныссыз ұстауға кеңес береді. Жұмыртқадан немесе құс етінен жасалған тағам мұқият дайындалуы керек.

Қауіпсіздік шаралары:

  • Құс фабрикаларына және құс союға болатын жерлерге бармаңыз;
  • Тірі құс базарларында жануарлармен немесе құс саңғырығымен ластанған кез келген беттермен жанасудан аулақ болыңыз;
  • Қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз;
  • Құс етін немесе жұмыртқаны рұқсат етілмеген жерден сатып алмаңыз.

Маусым айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) адам құс тұмауының А (H5N2) вирусын жұқтырудың өліммен аяқталатын алғашқы жағдайын тіркеді. Сонымен қатар, Американың он штатында құс тұмауы анықталған. Ел билігі сүт пен мал етін сатуға шектеу енгізіп жатыр.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше