Саясаттанушы Ахметбеков Асхат: "Президент қай партияға үлкен үміт артады?"


Мемлекет басшысы қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға көмектесу мақсатында жүзеге асырып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасын атап өтті.

Сурет ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» Жолдауы әдеттегідей елдің таяу болашақтағы саяси күн тәртібін айқындап берді. Бұл туралы белгілі саясаттанушы, «Альтернатива» заманауи зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев өз мақаласында айтты.

Оның айтуынша, тиісті мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың негізгі ауыртпалығы мемлекеттік органдарға жүктеледі. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған саяси партиялар да шет қалмады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жақын арада саяси мемлекеттік қызметшілердің кадрлық резервін құру, оның ішінде осы мақсатта партиялардың кадрлық әлеуетін пайдалану туралы айтты.

«Президенттің өзі ең үлкен үмітін парламенттік көпшілік позициясын иеленген «АМАНАТ» партиясына артқанға ұқсайды. Ол мүдделі қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға көмектесу мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасын атап өтіп, бұл жобаның аясын кеңейту үшін Үкіметке партияға қолдау көрсетуді тапсырғаны маңызды. Айта кету керек, биыл «Қарызсыз қоғам» жобасы 60 мыңға жуық адамды оқытты», - делінген мақалада.

Өз кезегінде «АМАНАТ» партиясының төрағасы, бір мезгілде Парламент Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов 4 қыркүйекте Елбасы Жолдауын жүзеге асыру бойынша партия активімен кездесу өткізді. Негізгі назар қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындауға, сондай-ақ ғылым және инновациялар, цифрландыру және ақпараттық технологияларды дамыту саласындағы жаңа реттеуші құралдарды құруға аударылды.

«Жалпы, партия мемлекет басшысының тиісті нұсқаулары мен тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстың басы-қасында боламыз деп отыр. Бұл ретте парламентарийлерге ғана емес, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына да белгілі бір жүк артып отыр.

"Осы бағыттағы алғашқы қадамдардың қатарында Мәжілістегі «АМАНАТ» партиясы фракциясының мүшелері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасына бастамашы болғанын айта кеткен жөн. Ол, атап айтқанда, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар үшін жазаны қатайту, оларға психологиялық көмек көрсету курстарын енгізу және т.б. Аманат жұртының бұл тақырыпты бұрын да бір емес, бірнеше рет көтергені маңызды. Мәселен, 11 тамызда өткен партияның Білім және денсаулық сақтау жөніндегі республикалық кеңесінің отырысында жекеменшік жазғы балалар лагерлерінің қызметін мемлекеттік реттеуді күшейту туралы мәселе көтерілді», - дейді Адрей Чеботарев.

Оның айтуынша, партия мүшелері «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы» заңға да өзгерістер енгізуді ұсынды. Олар, атап айтқанда, мүдделі азаматтардың банкрот деп тану туралы өтініштерін беру және қарау рәсімдерін жеңілдетуге арналған. Партия хатшысы Эльдар Жұмағазиевтің айтуынша, осы заң күшінде тұрғанда уәкілетті мемлекеттік органға жүгінген 10 мыңға жуық азаматтың 377-сі ғана банкрот деп танылған. Сонымен қатар, 1,5 миллионнан астам азаматтың несие бойынша мерзімі 90 күннен асып кеткен.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше