Белгілі болғандай, бір топ әйел «Педофилдерге өлім!», «Әділ сот болсын!» деп айқайлап жолға шыққан.
«20 шілдеде Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында бес жасар қыздың өліміне қатысты әділ тергеу жүргізуді талап еткен наразылық акциясы өтті», - деп хабарлады бейсенбі күні жергілікті тұрғындар басылымға.
Белгілі болғандай, бір топ әйел «Педофилдерге өлім!», «Әділ сот болсын!» деп айқайлап жолға шыққан. Шерушілер қазақ-өзбек шекара бекетіне апаратын жолды жауып тастады. Оқиға орнына полиция мен арнайы жасақ келді.
Жиналғандардың айтуынша, қызды өлтіруге қатысты тағы бір күдікті шақырылған, кейін ол босатылған. Тұрғындар «күдіктіні сот-медициналық сараптаманың қорытындысынсыз босатпау керек» деп шағымданды.
Полиция наразылық білдірушілерді күшпен жергілікті әкімдік ғимаратына дейін шығарып салған.
«Әкімдік өкілдері мен қауіпсіздік қызметкерлері әйелдердің шағымын тыңдап, сұрақтарына жауап беретіндерін айтты. Қаза тапқан баланың туысының айтуынша, қазір әкімдік ғимаратын полицейлер қоршап алған», - делінген хабарламада.