«Сергек» Алматыда автотұрақ ережелерін бұзу фактілерін анықтай бастады

Жаңа мүмкіндік пилоттық режимде іске қосылды.


Фото: Алматы қаласы ДП баспасөз қызметі
Фото: Алматы қаласы ДП баспасөз қызметі

«Сергек» жүйесінің тәжірибелік режимі тұраққа бақылауды күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Polisia.kz .

Жаңа функция Алматыда, Сәтбаев көшесінің бойындағы Достық даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейінгі екі жағындағы учаскеде пилоттық режимде іске қосылды. Бейнебақылау жүйелері тұрақ ережелерін бұзуды анықтайтын болады. 

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі конфигурациясы (жолдың жергілікті кеңеюі) көлік құралдарын басқаша орналастыруға мүмкіндік беретін жерлерді қоспағанда, жол қозғалысына қатысушыларға өз көліктерін жол бөлігінде жол жиегіне параллель бір қатарға қоюға рұқсат етілгенін еске салды.

«Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидаларының 8-тармағына сәйкес, көлік құралының басқа көлік құралдарының қозғалысын (кіру немесе шығу) мүмкін болмайтын немесе басқа көлік құралдарының қозғалысына кедергілер тудыратын, мысалы, кептеліс тудыратын жерлерде тоқтауға тыйым салынады», - делінген хабарламада.

Ереже бұзған жағдайда 10 АЕК (39 320 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Жеті күн ішінде төлесе – 5 АЕК (19 мың 660 теңге).

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше