Үш мыңға жуық адам президенттік кадрлық резервке тұруға өтініш білдіруде


Үміткерлер мәтіндік ақпаратты талдау қабілетін анықтау үшін тест тапсырды.

Сурет ашық дереккөзден

Президенттік жастар кадрлық резервінің ресми сайтында «Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» тестілеудің келесі блогына жіберілген үміткерлер тізімі жарияланды.

1 қазанда өткізілген «Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» тестілеуіне 6 404 талапкер қатысуға рұқсат етілді, оның 5 398-і қатысты. Үміткерлер мәтіндік ақпаратты талдау қабілетін анықтау үшін тест тапсырды.

Келесі кезеңге өткен адамдардың толық тізімімен жобаның pkrezerv.gov.kz ресми сайтында танысуға болады.

Іріктеу тәртібіне сәйкес келесі тестілеуге «Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» бойынша қатысушылардың жалпы санынан үміткерлердің 50%-ы жіберіледі. Бірнеше үміткердің нәтижелері бірдей болса, келесі тестілеу блогына көбірек үміткер жіберілуі мүмкін.

Осылайша, «Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» тестілеудің екінші блогына үздік нәтиже көрсеткен 2967 талапкер жіберілді.

Тестілеудің екінші блогы 7 қазанда өтеді. Ол талапкердің кестелер, графиктер және диаграммалар түріндегі сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға бағытталған 25 тест тапсырмасынан тұрады.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше