Ішкі істер министрлігі шетелдік көліктерді заңдастыруға өтініш беруге болатын Call-орталықтардың аймақтар бойынша нөмірлерін жариялады.
Нөмірлер департаменттің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған.
Еске салайық, елімізде 2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап шетелдік нөмірлері бар көліктерді бір реттік заңдастыру басталады.
Автокөліктерді заңдастырудың негізгі шарттары:
- автомобиль іздеу базасында көрсетілмеген;
- толық кедендік «рәсімдеу»;
- бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығару;
- автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінді.