Шемонаиха қаласында газ сақтау қоймасы жарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сурет: ҚР ТЖМ
"22 маусымда Шемонаиха қаласы Украинская көшесіндегі газ баллондарына жанармай құю станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шықты. Өрттен 5 бірлік техника жойылды.
Сағат 14:44-те өрт оқшауланды.Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді.Тұрғын үйлер мен орман қорына қауіп жоқ," - делінген ТЖМ хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, тұрғын үйлер мен орман қорына қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіруге 5 өрт сөндіру көлігі мен жеке құрамнан 12 адам жұмылдырылды.
Использование файлов cookie
Мы используем куки для улучшения работы сайта.
Узнать больше