Отандық құрылғы жақын арада сатылымға шығады деп жоспарлануда.

Шығыс Қазақстан облысының студенті автотұрақ радарын ойлап тапты
Фото: ашық дереккөзден

Автокөлікке арналған ультрадыбыстық датчиктің көмегімен жасалған қазақстандық тұрақ сенсорлары құрылғысын Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Информатика» мамандығы бойынша оқитын студенті Адлет Амангелдин жасаған.

«Көптеген автокөлік әуесқойлары тұрақ радарын біледі, өйткені ол тұраққа қою, урнаны, биік жол жиегін анықтау кезінде жүргізушіге көмек көрсететін жүйе. Parktronic бұл кедергілерді оңай байқап, жүргізушіге олар туралы дер кезінде ескертеді», — деді университет.

Адлеттің өзі айтқандай, қазақстандықтарға шетелдік тауарлардан гөрі отандық тауарларды сатып алған тиімдірек болады. Бұған дейін жас жігіттің құрылғысын Түркияда өткен EXPO халықаралық STEM фестивалінің қазылар алқасы мен салалық нарық мамандары жоғары бағалаған болатын.

Поделиться: