«Dara» президенттік бастамалары қоры мен «Karga Seven Pictures» бірлесіп Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханның өміріне арналған алты бөлімнен тұратын ағылшын тіліндегі деректі-драмалық телехикаяны түсіру басталғанын хабарлады.

Жошы хан туралы телехикая түсірілімі басталды
Фото: ашық дереккөзден

Сериалдың сюжеті Жошы ханның өмір тарихының призмасы арқылы Алтын Орда империясының дамуының негізгі кезеңдерін қамтиды.

Түсірілім жұмыстары Қазақстан мен Түркияда күзде басталады деп жоспарлануда. Karga Seven Pictures Netflix үшін «Империяның өрлеуі: Осман империясы» және «Келісім: Мұсаның хикаясы» сияқты туындыларымен танымал, олар 90-нан астам елде үздік 10 сериалға айналды.

«Жошы ханның өмір тарихы керемет эпикалық. Ол дүние жүзіндегі көрермендерді қызықтырары сөзсіз. Біз үшін «Дара» қорымен осы ауқымды тарихи жобада ынтымақтасу үлкен мәртебе», — деді Karga Seven Pictures шығармашылық директоры Эмре Шахин.

Поделиться: