"Скотчпен байлап, ұрып-соғып, тонап кеткен": Зейнеткерге жасалған шабуыл тергелуде


Шығыс Қазақстан облысында Шемонаиха қаласының 73 жастағы тұрғыны айуандықпен жасалған тонау туралы айтып берді.

Сурет ашық дереккөзден

Зейнеткер ақсақалдың үйіне белгісіз екі жігіт басып кіріп, аяғын скотчпен байлап, ұрып-соғып, тапқан ақшасын ашық түрде ұрлап кеткен. 70 мың теңге шабуылшылардың олжасына айналған.

Тәртіп сақшылары күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар 1960 және 1981 жылы туған жергілікті тұрғындар болып шықты. Екеуі де бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған.

Олар кінәсін мойындап, үйден тұрмыстық техниканы алып шығу үшін қылмыс орнына тағы бір рет оралуды жоспарлағандарын айтты.

"Күдіктілер сот шешімімен қамауға алынды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 3-бөлігі – тонау санкциясы бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді",- деп нақтылады полиция.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше