Солтүстік Қазақстан облысында 13 жасар қыз жасанды түсік жасатқан


Өткен жылы жасөспірімдер 14 жасанды түсік жасатқан. Олардың бірі 13 жастағы қызға жасалған.

Фото: esquire.kz

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинекологы Елена Калюжнаяның айтуынша, қазір перинаталдық орталықта түсік тастау қаупі жоғары 25 жүкті әйел бақылауда. Бала туу Астанадағы Ана мен бала орталығында аймақтандырудың төртінші деңгейінде жоспарланған. Сондай ақ, ол жасөспірім қыздардың төрт пайызы ауыр экстрагениталды патологиядан зардап шегетінін атап өтті. Олардың барлығы тіркелген.

«Біз ерте жүктіліктің қауіптілігін түсіндіруде үлкен рөл атқарамыз. Жастар орталықтарында әңгімелесулер жүргіземіз, тіпті контрацептивтерді тегін береміз. Өкінішке қарай, биыл төрт жасөспірім қыз медициналық түсік жасатып үлгерді», - деп түсіндірді дәрігер.

Оның мәліметінше, өткен жылы жасөспірімдер 14 жасанды түсік жасатқан. Олардың бірі 13 жастағы қызға жасалған.

Облыста барлығы 18 отбасын жоспарлау кабинеті, яғни әр емханада жұмыс істейді. Онда кез келген әйел тегін барып кеңес ала алады, тіпті кейбіріне контрацептивтер де беріледі.

Алдын алу шараларына үлкен мән беріледі. Мектептерде психологиялық қызмет құрылды. Сондай-ақ облыста 8-800-080-81-50 нөмірі бойынша анонимді сенім телефоны жұмыс істейді. Бес айда оған 114 адам хабарласқан.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше