«Stranger Things» сериалының жұлдызы Дэвид Харбор ажырасып кетті

«Очень странные дела» телехикаясындағы Шериф Джим Хоппер рөлімен танымал Дэвид Харбор төрт жыл некеден кейін әйелі танымал әнші Лили Алленмен ажырасып кетті.


Дэвид Харбор, "Stranger Things" сериалынан кадр
Дэвид Харбор, "Stranger Things" сериалынан кадр

Лили Аллен күйеуін опасыздық жасады деп күдіктеніп, оның дәлелін табу үшін танысу қолданбасында аккаунт ашып, күйеуі бақылаған әйелдердің профилін тексерген. Солай ол Аллен Хоппердің белсенді аккаунтын тапқан. Бұл туралы People хабарлады

Бір ай бұрын танымал актер сүйіктісімен қарым-қатынасын үзіп, абдырап қалғанын айтты. «Олар Рождество мерекесін Кенияда бірге өткізуі керек еді. «Соңғы бірнеше ай Лили үшін нағыз азап болды», - деп бөлісті инсайдер.

Аллен мен Харбор 2019 жылы танысып, 2020 жылы Лас-Вегаста үйленді. Ерлі-зайыптылардың бірге балалары жоқ. Дегенмен, Лилидің бұрынғы күйеуі Сэм Куперден қыздары бар: 13 жасар Этель және 11 жасар Марни.

Дэвид Кеннет Харбор — американдық актер. "Очень странные дела" фильміндегі шериф Джим Хоппердің рөлімен танымал және "Алтын глобус", "Эмми" сыйлықтарының жеңімпазы.

Лили Аллен —  танымал британдық әнші, актриса және тележүргізуші, ол өз жұмысымен жанкүйерлерін әлі де қуантып келеді.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше