Суданда биыл 700 мыңнан астам бала аштықпен бетпе-бет келеді


Бұл туралы ЮНИСЕФ болжам жасады.

Сарапшылар мұның себебін елдегі қарулы қақтығысқа байланысты гуманитарлық дағдарыс деп отыр. Жағдайды санитарлық тазалықтың жоқтығы және аймақта тырысқақ пен безгектің жаппай өршуі қиындатады.

Айта кетейік, өткен жылдың өзінде республика бойынша балалар арасында 9 мыңнан астам ауру тіркелген.

Судан Республикасы — Африканың солтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан (2,5 млн. км²) Африкада 1-орын, әлемде 10-орында. Халқы – 40,2 млн. (2004) адам. Халқының жартысына жуығын арабтар, қалғандарын нубийлер, бежалар, динкалар, нуэрлер, шиллуктер, т.б. халықтар құрайды. Ресми тілі – араб тілі. Тұрғындарының 70%-ы мұсылмандар, 10%-ы христиандар, өзгелері жергілікті діни наным-сенімдерді ұстанады. Астанасы – Хартум қаласы (2,9 млн.)

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше