Құтқарушылар 12 күннен бері шахтаға құлаған автобусты іздеп жатыр


«Майкайнзолото» АҚ тау-кен телімі аймағында опырылған жерде іздеу жұмыстары жалғасуда. Автобус жүретін жерге арнайы техниканың кіруі үшін өткел тереңдетіліп жатыр.

Сурет: Павлодар облысының әкімдігі

Жұмыстың барлық кезеңінде 200 мың тоннадан астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды.

«Бүгін сағат 14:45-те «Майқайыңзолото» АҚ аумағында шағын көлемді экскаватор опырылған жердің түбіне түсті. Шұңқырдың бүйір қабырғаларының құлау қаупінің жалғасуына байланысты жұмыс өте сақтықпен және барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілуде. Жұмыс барысында жұмыс құжаттамасы мен жол журналы бар құтқару сөмкесі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірі бар автобустың кузов бөлігі табылды. Іздеу жалғасуда», - деп хабарлады Павлодар облысының әкімдігі.

Шағын көлемді экскаватор автобустың күтілетін орнына дейін жерді қазған кезде мамандар оны жер бетіне көтереді. Әкімдік бұл жұмысты бүгін-ертең аяқтаймыз деп отыр.

Іздестіру жұмыстарына барлығы 141 адам, 50 техника, бір кинолог және екі ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) жұмылдырылған.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше