Тұрғын үйге кезекте тұрған 1700-ге жуық адам жүйеден жойылған


Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғанда пәтер берудегі түсінбеушілік туралы айтты.

Иллюстративті сурет

РҚО брифингінде Исабаев 2010 жылдан бері қалада тұрғын үй алу үшін үлкен кезек – 15 мың адам тіркелгенін айтты. Соңғы жылдары жеке тұрғын үй құрылысына бірде-бір жер телімі бөлінбеген. Сонымен қатар, сонау 16-17-ші жылдары облыстар алты санат бойынша электронды кезек тәртібіне көшсе, Талдықорғанда 2022 жылдың басына дейін бірден 19 санат бойынша кезек жүргізілді. Нәтижесінде түсінбеушілік пайда болды.

«Сонымен қатар, біз түгендеу жүргізген кезде 1218 пәтердің тұрғын үй заңнамасын бұза отырып берілгенін анықтадық. Ең өкініштісі, тәртіп бұзушылардың арасында мемлекеттік қызметкерлер, журналистер, құқық қорғау органдарының өкілдері бар. Мекемелер, спортшылар, өнер қайраткерлері және барлық заңнамалық актілерді өрескел бұзып, кезектен тыс пәтер алған арнайы касталар болды. Біз бір жылдан бері мұндай тәртіп бұзушылармен күресіп келеміз», - деді әкім.

Исабаевтың айтуынша, 100 пәтердің мәселесі қазір сотта, тағы 99-ымен «Антикор» айналысады. Заңсыз пәтер алғандардың арасында белгілі есімдер де бар. Бұл баспана енді мемлекетке қайтарылып, мұқтаж жандарға таратылуы тиіс.

"Тағы бір таң қалдырар жайт: 2002-2003-2022 жылдар аралығында жүргізілген кезектің барлық қағаз нұсқалары мен электронды нұсқалары қандай да бір себептермен жойылған. Осылайша кезекте тұрған 1700-ге жуық адам жүйеден шығып қалды. Құқық қорғау органдары бұл іспен айналысып жатыр, кінәлілер жазасын алатынына сенімді болыңыз», - деді Бейбіт Исабаев.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше