Түркиядағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 14 мыңға жетті


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Кахраманмараштағы жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 14 014 адам, жараланғандар саны 63 794 адам екенін айтты.

Түркия Ішкі істер министрлігіне қарасты Апат және төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) 9 ақпан күні Түркияның Кахраманмараш провинциясында эпицентрі болған жер сілкінісі аймағынан құрлық, теміржол және әуе көлігімен 28 044 адамның эвакуацияланғанын хабарлады.

Еске салайық, қазақстандық құтқарушылар Газиантепте үйінді астынан үш адамды аман алып шықты.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 42 қазақстандық Отанына оралды.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі жойқын жер сілкінісі кезінде із-түссіз жоғалған қазақстандықтарды іздестіру жұмыстары туралы айтқан болатын.

Қазақстан Үкіметі Түркияға 1 миллион доллар бөлу туралы қаулы қабылдады.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушыларының екінші эшелоны бар ұшақ Түркияға қонды.

Елбасы қазақстандық құтқарушылардың Түркиядағы жұмысына оң баға берді.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше